ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

Редактор
03.04.2025, 20:01
ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы жұмыс істей бастады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы жұмыс істей бастады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Жалпы ауданы 5 мың шаршы метрді құрайтын орталық ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында ашылған.

Хабта ZTE, «ZooStan» Орталық Азияны зерттеу жөніндегі халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы,  Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлескен микроспутниктер зертханасы, Биология және биотехнология зертханасы, Химия және химиялық технология зертханасы, Заманауи қолданбалы физика және жоғары технологиялар зертханасы, «Робототехника және мехатроника RoboMech» ғылыми-білім беру орталығы, Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы, Сот сараптамалары орталығы мен Ғылыми-технологиялық парк  орналасқан.          

                                                                                                                  

«Farabi Hub» университеттермен және ғылыми институттармен, сондай-ақ инвестор компаниялармен әріптестік байланыс орнатады. Бірлескен зерттеулер жүргізіліп, жаңа технологиялар әзірленеді. Соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған ғылыми зертханалар ғылым мен технологияның әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізіп, тәжірибе жасауға мүмкіндік береді, – деді оқу орнының басшысы Жансейіт Түймебаев.

Хабтың мақсаты – озық білімге, технологиялар мен ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, ғылыми әзірлемелер мен технологиялық идеяларды нақты экономикаға енгізуді жеделдету.