QazIndustry 63 миллион теңгеге кәсіпорындардың өтінімдерін мақұлдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығына еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ілгерілетуге бағытталған шығындарды өтеу бойынша 58 өтінім түскен7
Биылғы қаңтардың қорытындысы бойынша кәсіпорындардың шығындарын өтеуге мақұлданған қаржы көлемі 63 млн 184 мың теңге болды. Өтінімдердің басым бөлігі еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларымен байланысты, – делінген хабарламада.
Өтінімдердің ең көп саны Астана, Алматы және Шымкенттен түскен. Кәсіпорындар арасынан әсіресе, металлургия, агроөнеркәсіп кешені (азық-түлік пен сусын өндірісі) және құрылыс материалдарын шығаратын салалар белсенділік танытқан.