«Қазақтелеком» ісі: лауазымды қызметкерлерге қатысты тергеу қорытындысы жарияланды

Редактор
19.03.2025, 22:59
«Қазақтелеком» ісі: лауазымды қызметкерлерге қатысты тергеу қорытындысы жарияланды
Мемлекетке 460 млн теңгеден астам көлемде залал келтірілген

«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Сервистік фабриканың лауазымды қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Антикор ақпаратына сәйкес, компанияның бас директоры мен филиал қызметкері Тараздағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын төмендетілген құны бойынша сатты деген күдікке ілінген. Салдарынан мемлекетке 460 млн теңгеден астам көлемде залал келтірілген.

Қабылданған шаралармен жылжымайтын мүлік объектісі мемлекеттік меншікке берілді.