Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген: Екатерина Биволға қатысты сот шешімі шықты

Редактор
29 янв. 2026 г., 22:31
Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген: Екатерина Биволға қатысты сот шешімі шықты

Ресейде Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына қатысты сот шешімі жарияланды. Екатерина Биволға ұлтараздықты қоздырды деген әкімшілік айып тағылған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Санкт-Петербург соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санкт-Петербург соттарының біріккен баспасөз қызметі Екатерина Биволға қатысты сот шешімін жариялады. Екатерина Бивол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Сот оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Биволдың айтқан сөздерін лингвистикалық талдау анықтамасына сәйкес, оның мәлімдемесінде ұлты, тілі және шығу тегі бойынша адамдар тобына, атап айтқанда қырғыздар мен қазақтарға теріс баға берілген.

"Теріс баға тіл тигізу және бейәдеп сөздер арқылы жеткізілген. Жоғарыда аталған бейнежазбадағы мәтінде бір адамдар тобының екіншісінен артықшылығы (генетикалық) сөз болған", - делінген хабарламада.