Қазақстанның барлық өңірінде дерлік дауылды ескерту жарияланды

Редактор
02.06.2025, 14:00
Қазақстанның барлық өңірінде дерлік дауылды ескерту жарияланды
Басым аймақтарда қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар күтіледі

Қазақстанның барлық өңірінде дерлік дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде үсік, қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің екпіні, тұман және шаңды дауыл сияқты қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соның әсерінен көптеген облыстарда бұршақ аралас жауын жауады. Ал еліміздің оңтүстігінде  жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Батыс аймақтарда да дауыл тұрып, солтүстікте және орталықта түнгі уақытта тұман түседі.

Астанада күн бұлтты. Күндіз жауын жауады. Ауа температурасы +26+28°С, желдің жылдамдығы 5-10м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +23+25°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +32+34°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.