Қазақстанның барлық мешіттерінде айт намазы оқылды (ФОТО)

Редактор
06.06.2025, 20:13
Қазақстанның барлық мешіттерінде айт намазы оқылды (ФОТО)
Айт намазынан кейін елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды

Бүгін, 6 маусымда, қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күніне орай Қазақстанның барлық мешіттерінде айт намазы оқылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұсылман жамағаты таңсәріден мешіттерге жиналып, бірлік пен бауырмалдықтың нышаны болған ұлық мейрамды ұлықтады. 

Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа Құрбан айттың мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен хикметі туралы уағыз-насихат айтты. Айт намазынан кейін елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.