Қазақстанға шетелдік агенттер туралы заң қажет – депутат

Редактор
12 февр. 2025 г., 20:51
Қазақстанға шетелдік агенттер туралы заң қажет – депутат

Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдау қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Үкімет басшысы Олжас Бектеновқа жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Депутат ұсынған ақпаратқа сәйкес, елімізде шамамен 200 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) шетелден қаржыландырылады, ал олардың 70%-ы америкалық қорлардан қаржы алып отырған.

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 165 түрлі донор грант береді. Олардың 53-і – халықаралық ұйым, 31-і – шетелдік мемлекеттік құрылым, 81-і – шетелдік және қазақстандық ҮЕҰ-ы. Бұдан бөлек, шетелдік елшіліктер мен басқа да құрылымдар біздің ҮЕҰ-ларға қаржылай және материалдық көмек көрсетіп отырады, – деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, шетелдік қорлар көбіне БАҚ-ты, сөз бостандығы, демократияны дамыту, азаматтық қоғам мен либералды реформаларды қолдау, толеранттылықты арттыру және азаматтық белсенділікке бағытталған жобаларға қолдау көрсетеді.

Алдыңғы пленарлық отырыста Қазақстандағы америкалық халықаралық даму агенттігінің (USAID) қызметіне қатысты сауал қоғамда қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты Қазақстанға шетелдік агенттер туралы заң енгізу қажет. Бұндай заңнама АҚШ, Израиль, Қытай, Франция, Аустралия және Ұлыбритания сияқты елдерде бар. АҚШ-та мұндай заң 1938 жылы қабылданған және ол саяси белсенділік, ақпараттық қызмет, лоббизм және шетелдік қаржыландыруды реттеуге бағытталған. Біз де осы тәжірибені қолдануымыз керек. Мұндай заң арқылы қаржылық ашықтық қамтамасыз етіліп, ақпараттың дереккөзі мен қаржыландыруы нақты көрсетіледі. Бұл халыққа жағдайды объективті бағалауға мүмкіндік береді, Ирина Смирнова.

Сонымен бірге депутат гуманитарлық және ғылыми ұйымдарға ерекше жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттің егемендігін нығайту. Сырттан таңылған құндылықтар мен насихатты толеранттылық немесе тәуелсіз журналистика ретінде көрсетуге жол берілмеу керек, – деді Ирина Смирнова.