Қазақстанға ресми сапармен Болгария президенті келеді

Редактор
05.06.2025, 15:10
Қазақстанға ресми сапармен Болгария президенті келеді
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасын талқыламақ

Қазақстанға ресми сапармен Болгария президенті келеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

8-9 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді, – делінген Ақорда хабарламасында.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады.