Қазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті Ненад Лалович келді. Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алды, деп хабарлайды
Bairaqmedia.kz.Ненад Лалович елімізге сапары барысында елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысымен кездеседі.
Неннад Лаловичтің Қазақстанға келуі – отандық күрес спорты үшін аса маңызды оқиға. Қазір қазақстандық палуандар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр.