Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады

Редактор
12.05.2025, 21:36
Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады
Мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі жұмаға сәйкес келіп тұр

Қзақстандықтар биыл Құрбан айтта 3 күн демалады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Биыл Құрбан айт мейрамы 6 маусымға сәйкес келеді. Бұл күн жұмаға сәйкес келеді. Ресми демалыс күні болғандықтан, 3 күн болып белгіленді.

Демалыс кестесі:

  • 5 күндік жұмыс аптасы – 6, 7, 8 маусым демалыс;
  • 6 күндік жұмыс аптасы – 6 және 8 маусым демалыс, 7 маусым – жұмыс күні.

Айта кетсек, Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаға арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа).