Қазақстандықтар енді кез келген көлік иесіне хабарлама жібере алады

Редактор
01.04.2025, 19:26
Қазақстандықтар енді кез келген көлік иесіне хабарлама жібере алады
Қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қызмет көлік жол жүруге кедергі келтіргенде, жол-көлік оқиғасына ұшырағанда, шамдары қосулы қалып қойғанда, дабыл жүйесі іске қосылғанда немесе дөңгелегі жарылғанда өте пайдалы.

Пайдаланушы қызметті 2 сағат ішінде тек 5 рет пайдалана алады. Мәтіндік хабарламаларды жіберу кезінде өтініш беруші көліктің иесі туралы ешқандай ақпарат алмайды. eGov Mobile қолданбасы пайдаланушыларға анонимді хабарламалар жібереді. Егер пайдаланушыда push-хабарламалар қосулы болса, ол смартфонына бірден ескерту алады, – делінген ЦДИАӨМ хабарламасында.

Хабарландырулар өшірілген жағдайда, ақпарат eGov Mobile қосымшасының «Хабарламалар» – «Таратылымдар және ескертулер» бөлімінде қолжетімді болады.