Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

Редактор
28 февр. 2025 г., 18:13
Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты

Қарағандылық Әмір Омарханов Монастирдегі (Тунис) ITF санатындағы теннис турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, спортшы екінші айналымда италияндық Лука Констаньоланы (738 АТР) жеңді. Кездесу 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.

Ширек финалда Әмір неміс Том Гентцпен (472 АТР) ойнайды.