Қазақстандық спортшылар семсерлесуден қола жүлдеге ие болды

Редактор
24 февр. 2025 г., 18:15
Қазақстандық спортшылар семсерлесуден қола жүлдеге ие болды

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдені иемденді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Федерация баспасөз қызметінің мәліметінше, құрама саблямен семсерлесуден командалық жарыста үшінші орынға ие болған.

Аталған жарысқа Қазақстан атынан Қайым Айбар, Нариман Ілияс, Ерхан Қараман, Шерім Қанағат өнер көрсетіп жатыр.

Жарыс барысында қазақстандықтар Үндістан құрамасын 45:33, Сингапур командасын 45:34 есебімен жеңді. Алайда, жартылай финалда Өзбекстанға 31:45 есебімен жол берді. Осылайша отандастарымыз кадеттер арасында қола медальға ие болды.