Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Оңтүстік Корея командасын басым есеппен жеңді.
Алғашқы кезеңде қазақстандық Александр Панченко 9-минутта есеп ашса, одан кейін 10-минутта Николай Шульга гол соқты. Ойынның 18-минутында Руслан Демин мергендік танытты.
Екінші кезеңде Андрей Буяльский 35-минутта гол соқса, 38-минутта Кирилл Никитин көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Үшінші кезеңде кореялық хоккейшілер есеп айырмасын бір голға қысқартса, қазақстандық Семен Симонов 51, Денис Чапоров 57-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Енді қазақстандық хоккейшілер 15 қаңтарда Канада, 17 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады.
Ерлер құрамасы бұған дейін алғашқы ойында Швециядан 9:2 есебімен басым түскен болатын.