Қазақстандағы діни ахуал: қазіргі жағдайы мен даму бағыттары

Редактор
26.08.2025, 20:00
Қазақстандағы діни ахуал: қазіргі жағдайы мен даму бағыттары
Қазақстанда қазір діни ахуал қандай жағдайда? Бұл сұраққа Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты “Дін мәселелерін зерттеу орталығына” берген сұхбатында Тимур Нүсіпхан сөз қозғады, деп...

Қазақстанда қазір діни ахуал қандай жағдайда? Бұл сұраққа Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты “Дін мәселелерін зерттеу орталығына” берген сұхбатында Тимур Нүсіпхан сөз қозғады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Оның айтуынша, елімізде діни ахуал тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өте күрделі болды. Қазір де мәз емес екен. Десе де, осы саладағы мамандардың арқасында діни ахуал тұрақты болып қалып отыр.

Қазір осыған мән беріп, респубкалада Дін істері алғаш агенттік, кейін министрлік, кейін комитет, облыстарда басқарма, соған қарасты орталықтар, осы салада жұмыс істейтін теолог, дінтанушы мамандардың сөз құдіретімен діни ахуалды тыныштандырып отырған жайымыз бар. Әйтпесе, бізде мынау басқа елдердегідей тікелей бір қарумен қорқыту, мешіттерді жауып, кісендеп кілттеп тастау, сақалдарын қырып тастау деген сияқты қатаң саясатты біздің еліміз дін ұстанып жүрген адамдарға әлі күнге дейін жасаған жоқ. Жасау да аса қатты жоспарларында жоқ та, - деді маман.   

Керісінше, елімізде тура жолдан тайып, жат ағымның жетегінде кеткендерге барынша қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сол үшін адасып кеткен адамның өзін, тіпті елден, жерден кеткен, Сирияға кеткен адамды да әскерімізді жіберіп, жусанның иісін сағынған шығар деп, елге әкелді ғой. Елге алдырып, Каспийдің жағасында барлығын күтіп… Барлығын әкеліп бір жерге жауып тастаса да болатын еді, елден кеткен деп. Әрқайсысын өзінің ағайын-туысына, анасына, бауырына қауыштырып, оларға тіпті көмек беріп, кейбір жерлерде тіпті үй беріп жатқандар бар.  Әлеуметтік қолдау жасап жатқандары қаншама. Мемлекеттік грант беріп, оқытып жатқандары бар. Балаларына пана болып жатқандары бар. Сондықтан, осыны зерттеп жүрген маман ретінде мұндай жұмыс әлемде жоқ жұмыс деп айтар едім, - деді Тимур Нүсіпхан.