Қазақстанда қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры нейрожелілер негізінде құрылады. Тиісті бұйрық жобасын Ғфлфм және жоғары білім министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құрудың мақсаты – қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тілінің барлық қолданыс аясын қамтитын ресурстарды жинақтау, тілдің қолданыстағы лексикалық құрамын ретке келтіру, цифрландыру, генерациялау, оны жасанды интеллект пен заманауи технологияларға бейімдеу, өңдеу процестерін автоматтандыру.
Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры академиялық және аударма сөздіктер, Қазақ тілінің ұлттық корпусы, терминологиялық база және түрлі форматтағы мәліметтер жиынтығы болып табылатын датасет негізінде қалыптастырылады.
Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық жүйе болмақ.
Құжат жобасы Ашық НҚА порталында 19 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылды.