Mellstroy (шын есімі - Андрей Бурим) - беларусь стримері, блогер және инфлюенсер. Ол орыс тілді интернет кеңістігінде "trash-стример" ретінде танымал болды. Бұл жанрда контент жиі шок тудырады, арандатушылық сипатта болады және орынсыз әрекеттерге дейін барады. 2017 жылдан бастап Андрей Twitch және YouTube платформаларында ойын стримдерінен карьерасын бастады, алайда көп ұзамай алкоголь, сауық кештер және аудиториямен өзара әрекеттесуге (донат-челлендждер, ұтыс ойындары) негізделген "лайв-шоуларға" көшті. Оның аудиториясы - негізінен ТМД жастары, Instagram, Twitch және YouTube сияқты платформаларда миллиондаған жазылушылары бар.
Андрей Александрович Буримге қатысты жарияланған бағдарда іздестіру ісі 15 қараша Астана өңірінде тіркелгені көрсетілген. Іздеу бастамашысы - Қаржы мониторингі агенттігі.