Қазақстанда квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларына бақылау күшейтілді

Редактор
03.03.2025, 15:53
Қазақстанда квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларына бақылау күшейтілді
Тиісті заңға түзетулер енгізілді

Қаржы министрлігіне тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау құзыреті берілді. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша заңнамаға түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz..

Палата өкілдерінің ақпаратына сәйкес, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте тиісті норманың болмауы квазимемлекеттік сектор субъектілерін бұзушылықтары үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға мүмкіндік бермеген. Үкіметіне заңнамалық коллизияларды жою мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

Атап айтқанда, Қаржы министрлігіне тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ӘҚтК-нің 207-1-бабы бойынша) сатып алу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау құзыретін бекіту. 2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 722-бабының бірінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Нәтижесінде Қаржы министрлігі квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларындағы бұзушылықтарға жедел ден қойып, өз тергеулерінің қорытындысы бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік алды, – делінген хабарламада.

Сатып алу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тәуекелін түсіну квазимемлекеттік сектор субъектілерін нормаларды мұқият сақтауға ынталандырып, жалпы сатып алу тәртібін арттырады. Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды талдау Қаржы министрлігіне жүйелі проблемаларды анықтауға және сатып алу процестерін одан әрі жетілдіру үшін нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.