Қазақстанда жасөспірім қыздардың жүктілігі 10,2%-ға төмендеді

Редактор
27 янв. 2025 г., 20:26
Қазақстанда жасөспірім қыздардың жүктілігі 10,2%-ға төмендеді

Қазақстанда жасөспірім қыздардың жүктілігі 10,2%-ға төмендеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, өткен жылы 15-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың арасында жүктілік және босану жағдайларының саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,9-ға қарсы 3,5) және 8,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,14-ке қарсы 2,88) төмендеді. Сондай-ақ, ерте жыныстық қатынасқа түскен қыздардың арасында аборттардың саны 13,4%-ға азайды.

Бүгінгі фертилдік жастағы балалар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығының жағдайды кейінгі 10-15 жыл ішіндегі демографиялық процестерге тікелей әсер етеді. Жасөспірімдердің жүктілігі сезімтал әлеуметтік маңызды көрсеткіштерге жатады, өйткені ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, әлеуметтік проблемаларға тап болады, сондай-ақ олардың мінез-құлқында суицидтік үрдістер мен психологиялық бұзылулар артады, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі жағдайда жасөспірім қыздардың репродуктивтік денсаулығының жағдайы жыныстық өмірдің ерте басталуына байланысты, ал жасөспірімдердің арасындағы жыныстық дебют 16,5 жас болып отыр.

Салауатты өмір салты, репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау, оның ішінде ерте жыныстық өмірдің алдын алу, отбасын жоспарлау, контрацептивтерді қолдану, қаламаған жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша мамандардың консультацияларын әр өңірде жұмыс істейтін жастар денсаулық орталықтарынан алуға болады.