Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі төмендей ме?

Редактор
18.06.2025, 19:27
Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі төмендей ме?
Жаңа мөлшерлеме 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі

Қазақстанда ипотека мөлшерлемесін төмендету мерзімі кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

2024 жылы қабылданған шешімге сәйкес, ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендеуге тиіс болған. Алайда, бұл норма 2025 жылдың 1 қарашасына дейін кейінге шегерілді.

Осы уақыт ішінде қолданыста болатын шекті мөлшерлемелер:

  • Ипотекалық қарыздар — 25%;
  • Кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары — 35%;
  • Кепілсіз қарыздар мен микрокредиттер — 46%.

Қаулыға өзгертулер енгізілмеген жағдайда жаңа мөлшерлеме 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.