Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды

Редактор
22 окт. 2025 г., 20:00
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды

Мәжіліс депутаттары үш жылдық бюджет аясында ең төменгі жалақыны көтеруді ұсынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бүгін төменгі палатада үш жылдық бюджеттің жобасы қаралды. Сол кезде мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақыға қатысты өз қорытындысын жариялады.

"Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төмен жалақының мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін ұлғайту жағына қарай қайта қарау қажет деп есептейді", - делінген құжатта.