Алматыдағы Достық үйінде Қытай мен Қазақстан ғалымдары бірлесіп құрастырған «Әділетті Қазақстан және Қытай арманы: заманауи даму стратегиясының мүмкіндіктері мен болашағына талдау» атты академиялық мақалалар жинағы жарияланды. Шараға екі елден 80-ге тарта маман қатысты, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл туралы « «Халық газеті»» жазады.
Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, мақалалар жинағын қос елдің саясат, экономика, халықаралық қатынастар, тарих және мәдениет сияқты түрлі саладағы 30-дан астам сарапшылары мен ғалымдары бірлесіп жазған.
Кітап үш тараудан тұрады. Онда Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығының жаңа жетістіктеріне шолу жасалып, қазіргі халықаралық жағдайдағы екі ел ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы талданады.
Еңбекте екі жақты қарым-қатынастың келешегі туралы тұжырымдар айтылып, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу ынтымақтастығының қос тараптың дамуына әкелген терең өзгерістері көрсетілген.