Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Редактор
19 дек. 2025 г., 19:45
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Жамбыл облысының ҰҚК шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
 
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Айша-бибі" өткізу пунктінде қылмыстық жүк табылған.
Техникалық құралдардың көмегімен көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды.Олардың кейбіреулерінде "999" таңбасы болған.
 
"Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 кг-дан асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды. Оның ішінде: героин - 0,999 кг, апиын - 3,620 кг және гашиш - 25,949 кг", - дейді шекара қызметі.
Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.