Қазақстан Халықаралық Даму банкінен 13 млрд йен қарыз алмақ

Редактор
27 янв. 2025 г., 23:41
Қазақстан Халықаралық Даму банкінен 13 млрд йен қарыз алмақ

Қазақстан Халықаралық Даму банкінен 13 млрд йен қарыз алады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Жобаның мақсаты 13 083 100 000 (он үш миллиард сексен үш миллион бір жүз мың) жапон йен сомасына жоба бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банктің қарызын (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) тарту, – делінген құжат мәтінінде.

Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында 2025 жылғы 7 ақпанға дейін қоғам талқысына ұсынылды.