Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды. Ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.