Қазақстан ресми түрде Еуропалық Одақ елдеріне бал экспорттауға рұқсат алды. Тиісті қаулы 2025 жылдың 21 ақпанында Еуропалық Комиссия тарапынан жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Еуропалық Комиссия қаулысының 2-бабына сәйкес, бұл шешім Еуропалық Одақтың Ресми журналында жарияланған күннен бастап жиырма күн өткен соң күшіне енеді.
Айта кетсек, Еуропалық Одақ елдеріне өнім экспорттауға рұқсат берілген кәсіпорындар Комиссия мақұлдаған Тізімге енгізілуі үшін ЕО нормативтік актілерінің барлық талаптарына сәйкес келуі қажет.