Бұған дейін 2011-2015 жылдары 150 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілсе, 2016 жылдан бері жеңімпазға 25 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталып келген еді. Алайда биылдан бастап ұйымдастырушы тарап сома көлемін біршама азайтқан. Мәселен, бас жүлдеге берілетін ақшалай сыйақы 10 млн теңгеге аз болса, екінші орын иегері 3 300 000 теңге алады. Бұрын күміс белбеу иегері 5 500 000 теңге иеленетін еді. Сондай-ақ, үшінші орын иегеріне өткен жылы 1 800 000 мың теңге берілсе, биыл ол сома едәуір қысқарып, 1 080 000 теңге шамасында болып отыр.