Қазақстан АҚШ-қа жауап ретінде америкалық тауарларға баж салығын көтере ме

Редактор
15 июл. 2025 г., 19:12
Қазақстан АҚШ-қа жауап ретінде америкалық тауарларға баж салығын көтере ме

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан АҚШ-тан келетін тауарларға баж салығын арттыруды жоспарлап отырмағанын айтты,деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Бірден айтайын – ондай жоспар жоқ. АҚШ-тың жаңа ережелеріне тоқталайын. Біздің АҚШ-қа жіберетін экспорттың жалпы көлемінің 95%-ы осы жаңа ережеге жатпайды», – деді Бектенов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Бектеновтің айтуынша, бұл шешім ел экономикасына елеулі кері әсер етпейді.

«Ауқымды кері әсер болмайды. Біз америкалық әріптестерімізбен келіссөздер жүргізуге дайынбыз және жүргізіп жатырмыз», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, жақында АҚШ президенті Қазақстаннан келетін кейбір өнімдерге 25 пайыздық баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Бұл шешімге қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірген еді.