"Қазақмыс" корпорациясы бар өңірлерде қоршаған ортаны қорғау үшін жауапкершілікті түсінеді және олардың орнықты дамуы бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Qazaqstan ұлттық павильонында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында «Балқаш көлінің су ресурстарын басқару: Халықаралық ынтымақтастық, зерттеулер және қаржыландыру» атты тақырыптық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұйымдастырды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Басқосуда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы А. Жақанбаев, Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және орнықты даму саласындағы қызметтер жөніндегі EО өңірлік директоры Виктор Коваленко сөз сөйледі.
"Қазақмыс" корпорациясы бар өңірлерде қоршаған ортаны қорғау үшін жауапкершілікті түсінеді және олардың орнықты дамуы бойынша міндеттемелерді өзіне алады. ESG қағидаттарына сүйене отырып, компания экологиялық бастамаларды белсенді қолдайды. Балқаш көлінің экожүйесін сақтауға ерекше назар аударады.