«Менен бір ағаттық кетті. Айтқан сөзіме мұндай реакция болады деп ойламадым. Черчесов туралы енді сөз қозғаудың қажеті жоқ. Аңдамай сөйлеп ренжіткен болсам, барлығынан кешірім сұраймын», — деп жазды Генич skazki.dugali4a Instagram парақшасындағы жазбаның біріне жауап беріп.
Есте болса, футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың баспасөз мәслихаты кезінде болған жанжалға қатысты мәлімдеме жасап, Генич қазақ тілін кемсіткен болатын.