«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс-директоры сотталды

Редактор
14.04.2025, 15:07
«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс-директоры сотталды
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ

Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Антикор ақпаратына сәйкес, Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.