Бүгін, 16 қазан күні, YouTube-тағы «Пацанские истории» арнасына жаппай бот-шабуыл жасалды.
Соның салдарынан қазақ футболындағы былықты әшкере етіп жатқан «Offside» сериалының алғашқы бөлімі платформадан жойылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Сондай-ақ, «Offside» сериалының авторы Рүстем Омаровтың Instagram-парақшасы да бұғатталды.
«Қазіргі уақытта «Offside» жобасының әрі қарай көрсетілімін жалғастыру үшін барлық шараларды жасап жатыр», делінген хабарламада.