Қауіпті трюк: отандық блогер өз-өзін өртеп жібере жаздады

Редактор
03.06.2025, 16:52
Қауіпті трюк: отандық блогер өз-өзін өртеп жібере жаздады
Отандық блогер, "Qoslike" бағдарламасының қатысушысы Ақтөре Батырбек қауіпті трюк жасады, деп хабарлайды bairaqmeda.kz

Отандық блогер, "Qoslike" бағдарламасының қатысушысы Ақтөре Батырбек қауіпті трюк жасады, деп хабарлайды bairaqmeda.kz

Ол жанармай құйып, оның ортасына өзі тұрып, артынша қасындағы жігіт от тұтатқан. Лапылдаған жалынның ортасында блогердің өзі тұр. Ол бұл видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Атың шықпаса жер өрте. Айтылып жатқан сөздің мағынасы бар екенін ұмытпайық, иә!, – деп жазды Ақтөре Батырбек.

Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне наразылық білдіріп, блогерді жазалауды сұрауда.

”Жақсы дүние көрсетіп жатсың, балалар қайталап жанып кетсе не істейсің? Адам бірдеңе саларда сәл ойланса қайтеді”,“Мынаны балалар қайталаса қайтесің”, “Есі дұрыс адамның тірлігін жасашы”, “Үстіне су құйып алған”, “Жасы 40-тан асқан адамның істеп жүрген тірлігі”, – деп жазуда оқырмандар.