Қарындасының қыр соңынан қалмаған ер адамнан қорғаймын деп ажал құшқан жігіт жерленді

Редактор
09.09.2025, 14:45
Қарындасының қыр соңынан қалмаған ер адамнан қорғаймын деп ажал құшқан жігіт жерленді
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан ер адам жер қойнына тапсырылды, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz Tengrinews.kz—ке сілтеме жасап.

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан ер адам жер қойнына тапсырылды, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz Tengrinews.kz—ке сілтеме жасап.

27 жастағы марқұм бүгін жерленді. Оның артында үш баласы қалды. Марқұмды туыстары, Қызылқайрат ауылының тұрғындары ақтық сапарға шығарып салды.

Марқұмның әйелі қайғылы оқиға болған күні күйеуі оған қоңырау шалғанын айтты.

"Ол қарындасын қорғауға тырысты. Күдіктімен қақтығыс кезінде оқ тиді", - деді әйел.