Qarmet-тегі миллиардтық қылмыс: 14 адам қамауға алынды

Редактор
05.06.2025, 20:15
Qarmet-тегі миллиардтық қылмыс: 14 адам қамауға алынды
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері Qarmet компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, олар бір миллиард теңгеге жуық ақша ұрлаған. 

Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанында қайта өндеусіз қалдырған. Қазір қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды, – делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.