Қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуда не өзгерді?

Редактор
10 янв. 2025 г., 14:22
Қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуда не өзгерді?

Құжат тендер өткізу рәсімдерін оңтайландырып, сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың сапасын арттыруды, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауды көздейді.

Атап айтқанда, басты өзгерістер келесіні қамтиды:

- конкурс өткізу мерзімі қысқартылды (конкурстық құжаттаманы талқылау 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қабылдау 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды);

- құрылысқа байланысты жұмыс бойынша қоғамдық мониторинг енгізіліп жатыр.

- сатып алуды жедел жүргізу және рәсімдердің кешіктірілуін болдырмау мақсатында шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі қарайтын болады. 

- аз мөлшердегі сатып алулар бойынша 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден алу құқығы енгізілді. Ауылдық әкімдіктер үшін бір көзден сатып алудың шекті мөлшері 3 000 АЕК-тен 4 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында осы санаттағы субъектілерден құны 50 мың АЕК-тен аспайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басым құқығы белгіленді.

Сондай-ақ, тауарларды басым сатып алу бойынша жұмыс жалғасады. Бұған қоса:

- ішкі нарықты қолдау мақсатында ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу арқылы веб-порталда отандық өндіріс тауарларын басымдықпен алу бойынша жұмыс жалғасады;

- бәсекелестікті дамыту және бизнесті қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері саналатын өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері саналатын өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған жағдайда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды;

- бағалық емес критерийлерді дамыту және жергілікті жеткізушілерді қолдау мақсатында аумақтық белгі (1%-дан 2%-ға дейін) және теріс мәндер (0.1%-дан 0.2%-ға дейін) түріндегі шартты жеңілдіктерді есептеу өзгертілді.