Қаңтар оқиғасы: атышулы "Дикий Арманға" сот үкімі шықты

Редактор
27 янв. 2025 г., 17:11
Қаңтар оқиғасы: атышулы "Дикий Арманға" сот үкімі шықты

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады bairaqmedia.kz.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған қылмыстық іс барысында Жұмагелдиевке Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап әкетті, жәбірленушілерді қонақүйлердің автотұрақтарында ұрып-соғып, азаптап ұстады деген айып тағылды.

Сот үкіміне сәйкес ол 20 жылға сотталды.

Сондай-ақ,  Қаңтар оқиғасынан кейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталған полковник Руслан Ысқақовқа да қатысты сот үкімі оқылды. Сот оған 15 жыл 6 ай мерзімге жаза кесті.

Өткен жылдың 21 қыркүйегінде Арман Жұмагелдиевке, сондай-ақ экс-депутат Қайрат Құдайберген, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Руслан Ысқақов және тағы басқа тұлғаларға қатысты алдын-ала тыңдау аяқталған болатын. Жалпы 42 адам жауапқа тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Дикий Арман» лақап атымен танылған криминал авторитет Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кураторының басшылығымен әрекет еткен.