Қандыағаштағы екі баланың өлімі: анасы қамауға алынды

Редактор
24.03.2025, 18:14
Қандыағаштағы екі баланың өлімі: анасы қамауға алынды
Әйел босанғаннан кейінгі депрессия жағдайында болған болуы мүмкін

Ақтөбе облысында екі кішкентай баланың өліміне анасы күдікті деп танылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, кеше Қандыағашта екі жас баланың денесі таб ылған. Олардың өліміне күдікті ретінде Атырау облысының тұрғыны – балалардың анасы ұсталды. Туыстарын көруге келген әйел өзінің 11 айлық сәбиі мен 3 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілініп отыр

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел босанғаннан кейінгі депрессия жағдайында болған болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аймақтың полиция департаменті істің полиция басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.