Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «QAZAQSTAN RUGBY» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, федерация жастар регбиін дамыту, әйелдер командаларына қолдау көрсету, спортты танымал ету және инфрақұрылымды құруды жоспарлап отыр.
Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 19-шы орында және халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ерлер мен жастар құрамалары да белсенді дамып келеді.