Erbol Seilkhan ютуб арнасында қонақта белгілі теолог, дінтанушы Асқар Сабдин.
Ел арасында соңғы уақытта қайырымдылық мәселесіне қатысты мәселе басылмай тұр. Жақында болған Перизат Қайраттың оқиғасы халықтың күмәнін күшейтпесе, сейілте қойған жоқ. Исламтанушы маманның бұл жайында пікірін білдік.

Неге асыл дініміз агрессивті маркетингтің, манипулияцияның, алдаудың құралына айналып кетті? Қазақстан Діни басқармасы садақадан түскен ақшаны қайда жұмсап жатыр? Дінмен қорқыту дұрыс па? Осы және басқа да сұрақтарға жауапты сұхбаттың толық нұсқасынан көріңіз.