$ 457.21
 534.62
 6.08

Қайтарылған активтер: Ақтөбе облысында емханалар салуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Редактор
25.04.2025, 15:27
Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Қаражат 11 нысанның құрылысын қамтиды

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды. 

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:

- Ырғыз ауданы, Нұра ауылы

Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.

Сондай-ақ медициналық пункттер:

  • Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,
  • Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
  • Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
  • Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
  • Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
  • Ырғыз ауданы, Жарма ауылында  салынады.

    Дәрігерлік амбулаториялар:
  • Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
  • Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
  • Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.


Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.