«Қайрат» пен «Реалдың» алғашқы ойыны 30 қыркүйек Алматыда өтетін болды

Редактор
30 авг. 2025 г., 21:48
«Қайрат» пен «Реалдың»  алғашқы ойыны 30 қыркүйек Алматыда өтетін болды

«Қайраттың»  Чемпиондар  Лигасындағы  ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz 

Ең көп күткен матчтардың бірі —  алматылық "Қайрат" клубының  мадридтік «Реалмен» кездесуі. Ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтетін болды. Басталуы — жергілікті уақытпен 21:45-те.  Бұл «Реалдың» Қазақстанға алғашқы футбол сапары болмақ.

  "Қайрат" клубының  толық ойын кестесі:

  • 19 қыркүйек, 00:00 — сырт алаңда «Спортингке» қарсы

  • 30 қыркүйек, 21:45 —  өз алаңында «Реалға» қарсы

  • 22 қазан, 21:45 — өз алаңында,  «Пафосқа» қарсы

  • 6 қараша, 02:00 — сырт алаңда «Интерге» қарсы 

  • 27 қараша, 23:45 — сырт алаңда «Копенгагенге» қарсы

  • 9 желтоқсан, 21:30 — өз алаңында  «Олимпиакоске» қарсы

  • 20 қаңтар 2026, 21:30 — өз алаңында  «Брюггеге» қарсы

  • 29 қаңтар 2026, 02:00 — сырт алаңда «Арсеналға» қарсы 

Айта кетейік, «Реал Мадрид» футболшылары  Қазақстанға жолдың оңай болмайтынын атап өтті. Мадрид пен Алматы арасы — 5 962 шақырым.