Пышақтап өлтірмек болған: Қазақстандық қашқын Армениядан экстрадицияланды

Редактор
16.05.2025, 14:37
Пышақтап өлтірмек болған: Қазақстандық қашқын Армениядан экстрадицияланды
Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армениядағы ҚР Елшілігінің көмегімен аса ауыр қылмыс жасаған азаматты Ереваннан елге қайтарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында бұрын бірнеше рет сотталған азамат мас күйінде, бұзақылық ниетпен, жәбірленушіге пышақпен бірнеше рет шабуыл жасап, оның өмірлік маңызды мүшелеріне жарақат салған. Жәбірленушінің өмірі шұғыл медициналық көмек арқылы сақталып қалды.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан қашып кеткен, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. 2023 жылдың қазанында ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша экстрадицияланған.

Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін Қылмыстық кодекске сәйкес 15 жылдан 20 жылға дейін, не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар мүлкін тәркілеу де көзделген.