$ 446.56
 512.34
 5.3

Путин 27 мамырда Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Редактор
25.05.2026, 11:52
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
28 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-29 мамыр күндері Астанаға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Ал 29 мамырда президенттердің қатысуымен Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.