Президент зейнетақыға қатысты маңызды тапсырма берді

Редактор
08.09.2025, 18:09
Президент зейнетақыға қатысты маңызды тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір азаматтардың зейнетақы жинағын лайықты деңгейге жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір азаматтардың зейнетақы жинағын лайықты деңгейге жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
Бүгінде демография және еңбек нарығындағы үрдістер зейнетақы жүйесіне қатысты ұстанымдарды қайта қарауды қажет етеді.
 
"Азаматтардың, әсіресе, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған адамдардың зейнетақы жинағы аз екені байқалады. Үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек", - деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.