$ 457.21
 534.62
 6.08

Президент сөгісінен кейін Көлік министрлігінде жемқорлыққа тексеру жүргізіледі

Редактор
16.05.2025, 20:26
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Министрлікте ішкі талдау басталады

Президент сөгісінен кейін Көлік министрлігінде жемқорлыққа тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Көлік министрлігі 2025 жылғы 20 мамырдан бастап Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменттерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталатыны туралы жұртшылықты хабардар етеді, – делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялағанын хабарлаған болатынбыз.