$ 477.17
 543.26
 6.01

Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Редактор
30.07.2026, 14:24
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Марокколықтар бүгін Тақ күнін атап өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

– Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау