Президент Бақытжан Сағынтаевпен нені талқылады?

Редактор
10.06.2025, 17:18
Президент Бақытжан Сағынтаевпен нені талқылады?
ЕАЭК алқасының төрағасы Минскіде өтетін жиынға дайындық барысы туралы баяндады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусымда Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.