Енді қазақстандық жолаушылар сапар бойы мессенджерлерді, бейне хостингтерді және басқа да онлайн-сервистерді пайдалана алады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ЦДИАӨМ ақпаратына сәйкес, «Астана-Алматы» бағыты бойынша жүретін №3/4 поездарының жолаушылары Интернетке қосылған. Бұл рейс теміржол көлігінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында іске асты.
Бұл министрлік пен мен Eutelsat-OneWeb компаниясы арасындағы келісімнің арқасында іске асты. Бұл жоба интернетке дәстүрлі қосылу тәсілдері шектеулі немесе ондай мүмкіндік жоқ елдің шалғай өңірлерінде тұрақты және жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ведомство басшысы Жаслан Мәдиев пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов жаңа технологияны Wi-Fi көмегімен желіге қосылу бойынша сынады.
Пойыздардағы Интернет заманауи спутниктік технологияларды пайдалана отырып қосылады. Бұл жолаушыларға сапар бойы мессенджерлерді, бейне хостингтерді және басқа да онлайн-сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Біз Eutelsat-OneWeb компаниясымен спутниктік байланысты қосу бойынша ынтымақтастық аясындағы жоспарларымыздың жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің еліміздің аумағы үлкен және дала бойынша интернет қолжетімсіз, енді пойыздарда оған қосылу және сапар барысында онлайн сервистерге қол жеткізуді пайдалану мүмкіндігі бар, – деді Жаслан Мәдиев жолаушылармен кездесуде.
Көптеген жолаушылар WhatsApp бейне қоңырауы арқылы туыстарына бірден қоңырау шалып, YouTube бейнелерін көріп, басқа да танымал қызметтерді пайдалана алды. Жолаушылар жаңа қызметтің сапарды, әсіресе ұзақ маршруттарда ыңғайлы ететінін атап өтті.
Интернеттің қосылу жылдамдығы 50-100 Мб/с болды, бұл интернетті ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етеді, бірақ торренттер мен ағындық жүктеулерге қолжетімділік шектеулі болады.