Астана соты Biz Birgemiz қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімі шығарды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Белгілі болғандай, Перизат Кайрат қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша – «Алаяқтық», 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы – «Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)» бойынша кінәлі деп танылып, түпкілікті 10 жылға сотталды.